Шығыс Еуропаға Американың әскери жабдықтары жіберілді
«The Wall Street Journal» газеті алдағы айларда әскери қимылдар жасау мақсатында Ресейдің шекараларына Американың дамыған әскери жабдықтары жөнелтілгенін хабарлады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, «The Wall Street Journal» газеті сейсенбі күні: «АҚШ армиясының осы әрекеті қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан осы уақытқа дейін Шығыс Еуропаға әскери жабдық жөнелту бойынша ең үлкен әрекеті болып табылады» деп жазды.
Осы мәлімет бойынша Америка мен Польшаның өткен жұмада осы елдің солтүстігінде өткізген ортақ жаттығуларынан кейін іс-қимылдарда қолданылған "M1A2 Abrams" танктері Литва, Эстония және Латвия елдеріне аттандырылады.
Америкалық танктер Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы НАТО оларды келесі айларда өтетін сақтандыру іс- қимылдарында қолдануы үшін Литва мен Эстония және Латвия елдерінде қалуы керек.