Армения Премьер-министрі Иранмен қарым-қатынасты кеңейту қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i23971-Армения_Премьер_министрі_Иранмен_қарым_қатынасты_кеңейту_қажеттігін_қуаттады
Армения Премьер-министрі мен ИИР-ның Еревандағы елшісі екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасын кеңейту туралы сұхбаттасты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 03, 2017 18:47 Asia/Almaty
  • Армения Премьер-министрі Иранмен қарым-қатынасты кеңейту қажеттігін қуаттады

Армения Премьер-министрі мен ИИР-ның Еревандағы елшісі екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасын кеңейту туралы сұхбаттасты.

Армения Премьер-министрі Карен Карапетян бейсенбі күні ИИР-ның Еревандағы елшісі Казем Саджадимен кездескенде ИИР-ның басшыларымен екі елдің екіжақты, аймақтық және халықаралық саладағы әріптестігі жайында сұхбаттасу мақсатында таяу болашақта Теһранға сапармен баратынын мәлім етті.

Карапетян, сондай-ақ, Арменияның Түркіменстан және ИИР-мен газ свопы саласында үшжақты келісімге қол қоюға дайын екенін айтты.

ИИР-ның Еревандағы елшісі Казем Саджади де осы кездесуде Арас еркін аймағының  Арменияда еркін сауда аймағын ашуға әзірлігін мәлімдеп, ирандық инвесторлардың энергетика, жол салу және халал туризм салаларындағы жобаларға қызығушылық танытып отырғанын айтып, Армения басшыларынан осы шараларға қолдау көрсетуді сұрады.