Порошенко Украинаның НАТО-ға қосылуы туралы референдум өткізуге дайындалып жатыр
Украина Президенті Петр Порошенко осы елдің НАТО-ға қосылу, қосылмауы туралы референдум өтетінін хабарлап: «НАТО-ға қосылуы туралы референдум 2020 жылы осы ұйымға мүше болуға қажетті шарттардың барлығына қол жеткізілген соң өткізілетін болады», деді.
Украинаны НАТО‑ға қосуға бағытталған талпыныстардың артуы осы ел басшыларының уәждері бойынша Украина халқының талабынан туындап отыр. Украина Президенті 4 жыл бұрын осы ел халқының 16 пайызының НАТО‑ға қосылуды қолдағанын, ал қазір бұл санның 54 пайызға жеткенін айтты.
Әрине Украинаның батысшыл үкіметі үшін НАТО‑ға қосылу үшін ішкі‑сыртқы кедергілер жеткілікті. Украинаның басты партиялары осы елдің НАТО‑ға қосылуына қатысты пікір қайшылығына ие. Украина Президентін жақтаушы фракция болып табылатын «Петр Порошенко блогы» атты партия НАТО‑ға қосылуды қолдайды, ал ресейшіл «Аймақтар» партиясы НАТО‑ға қосылуға қарсы. Ресей Украинаның маңызды көршісі ретінде бұл елдің НАТО‑ға қосылуына қарсы ең үлкен ел болып табылады. Ресей НАТО‑ның өзіне көршілес елдерде, яғни жақын шетелдерде, әсіресе Украинада орналасуын қызыл сызықты аттау және Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуге себеп деп санайды. Батысшыл Виктор Януковичтің президенттік кезінде Украинаның НАТО‑ға қосылу мәселесі көтерілгеннен бастап Ресей оған қатаң қарсылық білдіріп келеді. Украинаның сол кездегі Президенті Виктор Янукович бұл елдің жылдам НАТО‑ға мүше болуын қалағанымен, Ресей көптеген қиындық тудырып, Януковичтің үкіметін тығырыққа тіреп, Украинаның НАТО‑ға қосылуының қатерлі салдарлары туралы ескертулер жасап, оның 2010 жылға дейінгі билігінің соңына дейін бұл елдің НАТО‑ға қосылуына кедергі жасады. 2014 жылы Украинада Петр Порошенко бастаған тағы бір батысшыл үкімет билік басына келгеннен кейін және осы елдің шығыс аймақтарында азамат соғысы басталған соң Киев басшылары қайтадан Ресейге төтеп беретін қауіпсіздік кепілдігі ретінде НАТО‑ға қосылуды көздеп отыр. Бұған қарамастан, Мәскеу осы жақын шетелдердің НАТО‑ға қосылуына кесімді түрде қарсы және ешқашан бұл мәселені қабылдамайды. НАТО‑ға мүше Германия сияқты кейбір елдердің Украинаның осы ұйымға қосылуына қарсылығы үшінші кедергі болып табылады. Германияның Украинадағы елшісі Эрнст Вольфганг Ришель 2016 жылдың қыркүйек айының ортасында: «Украина қазіргі таңда НАТО‑ға қосылуға дайын емес. Бұл мәселе осы әскери коалицияның қысқа мерзімді күн тәртібіне қойылмаған»,‑деп мәлімдеді. Осындай қарсы позицияға қарамастан, Украинаның батысшыл үкіметі аталмыш тақырыпты қадағалап, НАТО‑ның басқа маңызды мүшелері АҚШ, Ұлыбритания мен Францияның қолдауына сүйеніп, осы саладағы өзінің қалауына қол жеткізуге үміттенеді. Бұған қарамастан, тіпті егер Киев өзінің қосылуы үшін НАТО‑ның барлық мүшесін риза ете алса да, өте ауыр кедергі, яғни Ресейдің осы мәселеге қарсылығы әлі күшін сақтап отыр.