Трамптың әрекеттері – Иранға қатысты "үстел үстіндегі варианттардың" қайталануы
Ақ үйдің ресми басшылары өздерінің «варианттары» жайлы қайталап, Иранды оқшаулауға қатысты сан рет қастандық әрекеттерге барған болатын.
Енді Трамптың Ақ үйге келуімен дәл осы ерекшелікке ие жаңа толқын басталды. Бұл күндері АҚШ-тың ресми басшыларының мәлімдемелері бұрынғыдан да қатты сипат алып, көп әрі бос және үлкенді-кішілі қоқан-лоққылармен қайталанып жатыр. Алайда мұндай әрекеттер күтпеген жағдай емес. АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керри бұрынғы президент Обама кезіндегі Мемлекеттік хатшысы ретіндегі қызметінің аяқталуына екі апта қалған кезде өзінің 4-жылдық қызметі және Обама үкіметінің 8-жылдық сыртқы саясаты жайлы есеп берген болатын. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы сыртқы саясат әрекеттерінің елеулі бөлігін Иранның ядролық келісім туралы келіссөздерінің нәтижесіне арнап, АҚШ-тың келесі үкіметіне ядролық келісімге қарамастан, зымырандық бағдарлама, лаңкестікке қолдау көрсету, адам құқықтарын ескермеу және көршілес елдердің ішкі істеріне араласу себептерімен Иранды артқа шегіндірмейінше, Иранға қатысты қысым көрсетуді жалғастыруды ұсынды.
Қазірде Трамп Обаманың Иранға қарсы ұстанымдарының қатаң болмағанын көрсетуге талпынуда. Ал, негізінде, екі жағдай да нақты бір бағытпен қозғалуда. АҚШ-тың президенті сәрсенбі күні Иранның баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуіне қатысты журналистерге берген сұхбатында: «Еш вариант күн тәртібінен алынбайды»,- деді.
Кейбір ақпараттық топтар бұл мәлімдемелерді АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа әрі күшейген әрекеті деп бағалады. АҚШ Иранды ауыр салдары бар екі таңдау алдында қоюға талпыныс жасап жатқан секілді: алғашқысы – Иранның келіссөздер жүргізуге келісуге мәжбүр болуы. Бұл Иранның қауіпсіздігінің қызыл сызығы саналады. Кері жағдайда АҚШ тарапынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын біржақты түрде күшін жою ықтималдығына тап болады. Бұл жағдай халықаралық келісімнің мағынасыз екендігін білдіреді. Аталмыш әрекет Иран үшін шығын келтіргеннен бұрын, Қауіпсіздік кеңесі мен халықаралық қоғамдастықтың алдында АҚШ үшін қиындық тудырады. Трамптың жеті мұсылман елдері азаматтарының АҚШ-қа енуіне тыйым салуы және сол елдерді лаңкестік қауіп ретінде айыптауына байланысты заңдары АҚШ-тың өз ішіндегі және халықаралық деңгейдегі наразылықтарға себеп болды. АҚШ-тың бұл елдегі лаңкестік жасаушы күдіктілердің тізімінде 15 азаматы қыркүйектің он бірі күнгі шабуылдың негізгі күдіктілері болған Сауд Арабиясы жоқ. Трамп АҚШ-тың «Әл-Қаиданы» құруда тікелей қатысы болғаны жайлы сөз қозғағысы келмейтін сынды. Ол АҚШ халқының күнделікті атыс қаруын пайдалану салдарынан зорлық-зомбылық құрбаны болып жатқаны туралы шындықты жанжал шығарумен бүркемелеп, Иран үшін барлық варианттардың үстел үстінде тұрғанын айта отырып, ұмытқыздырғысы келеді. Алайда, АҚШ-тың билік басындағылары Ислам республикасының Ислам революциясы жеңісіне 38 жыл толса да соғыстан бастап ауыр санкциялар салдарынан болған барлық қысым мен қауіп-қатерлерге төзіп, өзінің принциптері мен қызыл сызықтарына қатысты ешқашан саудаласпайтынын және үстемшіл жүйенің алдында мойынсұнбайтынын біледі.