Пол Райан: Иранға қарсы ядролық тақырыптан тыс санкцияларды ұлғайту керек
(last modified Sat, 04 Feb 2017 16:50:59 GMT )
Ақп 04, 2017 22:50 Asia/Almaty
  • Пол Райан: Иранға қарсы ядролық тақырыптан тыс санкцияларды ұлғайту керек

АҚШ-ның Өкілдер палатасының төрағасы Пол Райан жұма күні "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы келісімін бұзу үшін уақыттың кеш болғанын мәлімдеп: «Қазір Вашингтон ядролық тақырыптан тыс сылтаулармен Иран ислам республикасына қарсы жаңа санкциялар салуды ойластыруы керек» деді.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Пол Райан "NBC" арнасына берген сұхбатында әрдайым "Ортақ қадам" келісімін үлкен қателік деп санағанын қуаттап: «Қазір Иранға қарсы көп жақты санкциялар алынған. Америка Иранға қарсы әсерлі көп санкциялар үшін жаңа жолдарды ойластыруы керек» деді.

АҚШ үкіметінің Иран ислам республикасына қарсы өшпенді әрекеттерінің жалғасында Американың Қазына министрлігі жұма күні өз торабында мәлімдеме жариялап, жеке және заңды 25 адамды Американың Иранға қарсы санкцияларының тізіміне қосты.

Америка Иранның зымырандық сынақ өткізуін жаңа санкциялар салу үшін сылтауратып отыр. Зымырандық сынақ "Ортақ қадам" ядролық келісімі мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2231 қарарына қайшы емес.