Сириядағы соғыстың экономикалық шығыны үлкен
https://itolqyn.com/news/world-i2407-Сириядағы_соғыстың_экономикалық_шығыны_үлкен
Жарияланған бір мәлімет Сириядағы соғыстың осы елдің экономикасына 2020 жылға дейін шамамен бір триллион фунт зиян келтіретінін көрсетті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 08, 2016 22:38 Asia/Almaty
  • Сириядағы соғыстың экономикалық шығыны үлкен

Жарияланған бір мәлімет Сириядағы соғыстың осы елдің экономикасына 2020 жылға дейін шамамен бір триллион фунт зиян келтіретінін көрсетті.

«The Guardian» газеті торабының мәлімдеуінше, Ұлыбританиядағы үкіметтік емес «World Vision» кеңсесінің мәліметі бойынша, алдағы аптада басталғанының алтыншы жылына енетін Сириядағы соғыс осы елдің экономикасына айына 3 миллиард 200 миллион фунт зардабын тигізеді. Осы мәлімет бойынша, егер Сириядағы соғыс биылғы жылдың соңына дейін тоқтаса, оның экономикалық шығыны 485 миллиард фунтқа жетеді. Ал егер соғыс тағы 5 жыл жалғасатын болса, онда экономикалық шығын 915 миллиард фунтты құрайтын болады.