Тәжікстанда ДАИШ тобының мүшесі 15 жыл бас бостандығынан айрылды
Ақп 09, 2017 19:57 Asia/Almaty
Душанбенің аймақтық сот мекемесі ДАИШ тобының бір мүшесін 15 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Душанбе қаласының аудандық соты ДАИШ лаңкестік-тәкфирлік тобына қосылуына байланысты Ш.Бабахановты 15 жылға жеке камераға қамауға үкім шығарды. Тәжікстанның қауіпсіздік саласы басшыларының мәлімдеуі бойынша, осы елдің 1100 азаматы ДАИШ лаңкестік тобына қосылған. Солардың арасынан 300 кісі Сирия мен Ирактағы соғыста өлген.
Тегтер