Сауд Арабиясы шабуылдарының салдарынан 2 миллионнан астам йемендік босқынға айналды
https://itolqyn.com/news/world-i2437
БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссариаты Сауд Арабиясы шабуылдарының басталуынан бері Йеменде 2 миллионнан астам адамның босқынға айналуы туралы хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 09, 2016 16:22 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы шабуылдарының салдарынан 2 миллионнан астам йемендік босқынға айналды

БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссариаты Сауд Арабиясы шабуылдарының басталуынан бері Йеменде 2 миллионнан астам адамның босқынға айналуы туралы хабарлады.

«Синьхуа» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссариаты сейсенбі күні мәлімдеме жариялап, Йемендегі адами апатқа алаңдаушылық білдіріп: «Сауд Арабиясы шабуылдарының салдарынан екі миллион төрт жүз отыз мың жүз жетпіс үш йемендік үйлерінен кетуге мәжбүр болды. Йемен халқының көбі ешқандай мүліктерін алмай, үйлерінен кетіп, жақындары немесе достарымен бірге мектептер мен үкіметтік ғимараттарды уақытша паналауға мәжбүр. Босқындардың көбісі Таиз, Ходжат, Сана, Имран және Сааденің азаматтары.

Сауд Арабиясы АҚШ-тың қолдауы және кейбір араб елдерімен бірге 2015-ші жылдың наурыз айынан осы кезге дейін Йемен халқына қарсы шабуылдарын жалғастыруда.