Қырғызстанда президенттік сайлау қараша айының он тоғызы күні өтеді
https://itolqyn.com/news/world-i24374-Қырғызстанда_президенттік_сайлау_қараша_айының_он_тоғызы_күні_өтеді
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев осы елдегі президенттік сайлау өтетін күнді биылғы жылдың қараша айының он тоғызы деп белгіледі.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 15, 2017 22:54 Asia/Almaty
  • Қырғызстанда президенттік сайлау қараша айының он тоғызы күні өтеді

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев осы елдегі президенттік сайлау өтетін күнді биылғы жылдың қараша айының он тоғызы деп белгіледі.

Атамбаев елінің сайлау жүйесіндегі қиыншылықтарға сілтеме жасап: «Қарашаның он тоғызы күніне дейін барлық мәселелер шешілуі тиіс. Қырғызстандағы президенттік сайлау ашық, әділ және сәтті өтуі керек. Оған тек заңды орындау арқылы ғана қол жеткізіледі» деді. Көптеген саясаткерлер сайлауға қатысуға ынта танытып отыр. Кейбір сарапшылар үміткерлердің санын шамамен 20 адам деп есептеді.