Ресей Сириядағы атысты тоқтату бітімін қолдап отыр
(last modified Thu, 16 Feb 2017 14:52:32 GMT )
Ақп 16, 2017 20:52 Asia/Almaty
  • Ресей Сириядағы атысты тоқтату бітімін қолдап отыр

Ресей Сыртқы істер министрі Сириядағы атысты тоқтату бітімін орнатуды қолдады.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбі күні БҰҰ-ның Сирия ісі жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистурамен сұхбатында: «Ресей Сириядағы атысты тоқтату бітімін орнату мен БҰҰ-ның осыған байланысты қарарларын іске асыруға бағытталған талпыныстарды қолдайды.

Иран мен Түркияның көмегімен Сирияның көптеген жерінде атысты тоқтату бітімін сақтауға көмектесу үшін бар күшімізді салып жатырмыз»,- деді.

Ресей Сыртқы әстер министрінің айтуынша, де Мистурамен Мәскеуде өткен кездесулер ақпан айының жиырма үшінде өткізілетін Женева отырсындағы Сириядағы бейбітшілік келіссөздерінің негізі болып саналады.