ДАИШ мүшелерінің Орта Азия елдеріне қайтып оралу қаупі туралы ескертілді
(last modified Fri, 17 Feb 2017 15:04:05 GMT )
Ақп 17, 2017 21:04 Asia/Almaty
  • ДАИШ мүшелерінің Орта Азия елдеріне қайтып оралу қаупі туралы ескертілді

ТМД елдерінің лаңкестікке қарсы орталығының басшысы Мәскеуде осы елдердің қауіпсіздік ұйымдарының басшыларының отырысында ДАИШ тобына қосылуға қызығатын экстремистер санының азайғанына тоқталып, осы лаңкестік топтың мүшелерінің өз елдеріне қайтып оралуға талпынып жатқанын хабарлады.

Мәскеу отырысы Сириядағы соғысқа қатысып жатқан экстремистерді анықтау және олардың ТМД елдерінің аумағына кіруінің алдын алу жолдарын қарастыру, сонымен қатар әсірешіл терроризмді қаржымен қамтамасыз етумен күресу мақсатында  өткізілді.  Осы отырыстың өтуі және Сирия мен Ирактағы соғыс майданының шындықтары лаңкестік топтардың әлсіреп, мемлекеттік күштер мен қарсыласу және халықтық топтардың нығайып жатқанын көрсетеді. Лаңкестік топтардың үсті-үстіне жеңілуі тәкфиршіл топтарға соғыс майданын тастап, өз адамдары үшін қауіпсіз жер іздеуден басқа амал қалдырмады.  Осы топтардың жеңілуімен бір мезгілде өздерінің авантюрист жастарының Сирия мен Ирак елдеріне кетіп жатқанына көзжұмбайлықпен қарап, лаңкестік топтардың қатарын толықтыруға көмектескен елдер енді Ирак пен Сириядағы әртүрлі соғыс майдандарына қатысып, өз елдерінің саяси және әлеуметтік қауіпсіздігін түйткілге ұшыратуға қажетті тәжірибеге ие содырлардың қайтып оралуына алаңдап отыр. Бұл шындық Орта Азия мен Кавказ елдеріне ғана қатысты емес, ДАИШ пен басқа тәкфирлік топтарға жаңа күштерді тасымалдау арқылы Сириядағы Башар Асадтың заңды үкіметімен күресуге көмектескен еуропалық және аймақтық  елдерге де қатысты болып отыр.

Еуропалық елдермен салыстырғанда әсіресе Орта Азия мен Кавказ елдері қауіпсіздік тұрғысынан азырақ қорғалған. Бұл елдерде экстремистік ағымдарға тартылу және оның жарнамаларын қабылдауға бейім әлеуметтік әлеуеттер еуропалық елдермен салыстырғанда бірнеше есе жоғары. Осы жағдай ТМД елдерін пікірлесу және экстремистік ұйымдар мен топтармен күресуге шешім қабылдауға итермелеп отыр. Сол себепті Мәскеу отырысында  лаңкестікпен күресу және  ТМД елдерінің барлау ұйымдары арасында мәлімет алмасу бойынша әріптестік жасау туралы меморандум дайындау қажеттігі айтылды. ТМД елдері Парламенттерінде осы меморандум бекітілген соң мүше елдердің лаңкестікпен бірлесе күресуге бағытталған ортақ шаралары мен мәлімет алмасуы жүзеге асып, шетелдік алпауыттардың аймақтық елдерге ықпал ету құралы ретінде әрекет еткен әртүрлі лаңкестік және экстремистік топтардың аймақтық елдерді түйткілге ұшыратып, маневр жасауын минималды деңгейде жеткізеді.