Ресейліктердің Путинге разылығы артты
(last modified Sun, 19 Feb 2017 15:55:33 GMT )
Ақп 19, 2017 21:55 Asia/Almaty
  • Ресейліктердің Путинге разылығы артты

Жуырда жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері Ресей халқының осы елдің президентіне қатысты разылығының артқанын көрсетті.

Ресейдің қоғамдық пікірді зерттеу орталығының жуырда өткізген сауалнамасының нәтижелеріне сәйкес, осы ел халқының 86 пайызы Ресей президенті Владимир Путиннің жұмыстарына разылық білдірген. Осы сауалнаманың нәтижелері сондай-ақ қатысушылардың тек 9 пайызының ғана Путиннің жұмыстарына риза емес екендігін көрсетті. Халықтың Путинге деген разылығына оның аймақ пен халықаралық деңгейдегі жұмыстары, ықпалды елдермен қатынас жасау тәсілі мен Батыстың қысымдарының алдындағы табандылығы себеп болған.