Ресей: "Хезболла" Ливанның саяси құрылымының бір бөлігі болып табылады
https://itolqyn.com/news/world-i24554-Ресей_Хезболла_Ливанның_саяси_құрылымының_бір_бөлігі_болып_табылады
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары "Хезболланың" Ливанның саяси құрылымының бір бөлігі екенін айтып, оны лаңкестік топтардың тізіміне қосуға болмайды деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 21, 2017 23:20 Asia/Almaty
  • Ресей:

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары "Хезболланың" Ливанның саяси құрылымының бір бөлігі екенін айтып, оны лаңкестік топтардың тізіміне қосуға болмайды деді.

Олег Сыромолотов сионистік «The Jerusalem Post» ақпарат торабына берген сұхбатында Американың Ливан Хезболласын лаңкестік топтар тізіміне қосу әрекетіне наразылық танытып: «Ливан Хезболласын мүлдем лаңкестік топтардың тізіміне қосуға болмайды, өйткені бұл қозғалыс осы ел Парламентінің бір бөлігі болып табылады әрі Ливан халқының қолдауына ие» деді.