Мәртебелі жетекшінің мәлімдемесі Әзірбайжан республикасының ақпарат құралдарынан таратылды
(last modified Wed, 22 Feb 2017 16:50:14 GMT )
Ақп 22, 2017 22:50 Asia/Almaty
  • Мәртебелі жетекшінің мәлімдемесі Әзірбайжан республикасының ақпарат құралдарынан таратылды

Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің Палестина интифазасы жөніндегі алтыншы халықаралық конференциядағы мәлімдемесі Әзірбайжан республикасының ақпарат құралдарынан кеңінен таратылды.

"Азар Тадж" ресми ақпарат агенттігі өз хабарында осы конференцияға 700- ге жуық шетелдік қонақтың қатысуына сілтеме жасап, ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің мәлімдемесіне тоқталып: «Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла сейіт Әли Хаменеи осы конференцияда сөйлеген сөзінде әлем мұсылмандарын бірлікке шақырып, Палестина мәселесін әділетті түрде шешу қажеттігін қуаттады» деді.

"АРА" ақпарат агенттігі де осы конференцияның ашылу рәсіміндегі ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің мәлімдемесіне сілтеме жасап: «Иранның жоғары мәртебелі жетекшісі Палестина қарсыласуын қарсыласу топтарының өткенінен ғибрат алуға шақырып,  келіспеушіліктен аулақ болуға кеңес берді» деп хабарлады.

"Ислам үні" атты ақпарат торабы да "Аятолла Хаменеи Палестинаны қолдау конференциясында Малкольм Икске Құран бағыштады" деген тақырыпта таратқан өз хабарында: «Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісі осы конференцияға қатысушылардан Америкадағы қара нәсілділердің жетекшісі үшін Құран аятын бағыштауды сұрады» деп жазды. Әзірбайжандық тағы да басқа ақпарат құралдары өз хабарларында кейбіреулері толығырақ, енді біреулері ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің Палестина интифазасы жөніндегі алтыншы конференциядағы сөздерін ақпараттарының тақырыбына арқау етті.