Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі "Ортақ қадам" келісімін орындауға қолдау көрсетті
https://itolqyn.com/news/world-i24614
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры барлық тараптар "Ортақ қадам" келісімін орындауға берік болуы керек деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 23, 2017 18:07 Asia/Almaty
  • Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры барлық тараптар "Ортақ қадам" келісімін орындауға берік болуы керек деп мәлімдеді.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Юкия Амано: «Иран мен "алтылық" елдері арасындағы ядролық келісім өміршең және баянды» деді. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Иран ислам республикасының ядролық келісімге берік болғанын қуаттады. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі бас директорының айтуынша, келісім ойлағаннан мықты әрі "Ортақ қадам" келісімінің орнына келесі бір шешім жолын табу өте қиын болады. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры «Вашингтон жалғыз өзі "Ортақ қадам" келісімінің күшін жоя алмайды. Бұл екіжақты келісім емес, бүкіл халықаралық қауымдастықпен жасалған көпжақты келісім болып табылады» деді.

Ақ Үйде орналасқан АҚШ президенті Дональд Трамп  "Ортақ қадам" келісімінің құжатын жыртып тастау туралы уәж айтқан болатын.