Путин Ресейдің Сирияның ішкі істеріне араласпайтынын қуаттады
Ресей Президенті өз елінің Сирияның ішкі істеріне араласпайтынын қуаттады.
Ресей Президенті Владимир Путин: «Мәскеу Сирияның ішкі істеріне араласпайды. Ресейлік күштердің бұл елдегі міндеті – лаңкестікпен күресу. Ресей әскерінің Сириядағы әрекеттерінің мақсаты – лаңкестікті жою»,- деді.
Ресей Президентінің айтуынша, Сириядағы мазхабаралық қақтығыстар бұл елдің бірлігіне қауіп-қатер төндіреді. Ресей Сириядағы әскери әрекеттерімен өзінің қауіпсіздігін қорғайды.
Владимир Путин сөзінің жалғасында Ресейдің өз қарулы күштерін нығайтуды жалғастырып жатқанын айтып: «Зымырандық қорғаныстық қалқандар мен дамыған әуе қарулары Мәскеудің басымдылықтарының қатарында»,- деді.
Ресей 2015-ші жылдың қыркүйек айынан бері Сирия Президенті Башар Асадты қолдап, бұл елде әуе әрекеттерін бастады.