Путин Ресейдің Сирияның ішкі істеріне араласпайтынын қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i24628
Ресей Президенті өз елінің Сирияның ішкі істеріне араласпайтынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 24, 2017 16:14 Asia/Almaty
  • Путин Ресейдің Сирияның ішкі істеріне араласпайтынын қуаттады

Ресей Президенті өз елінің Сирияның ішкі істеріне араласпайтынын қуаттады.

Ресей Президенті Владимир Путин: «Мәскеу Сирияның ішкі істеріне араласпайды. Ресейлік күштердің бұл елдегі міндеті – лаңкестікпен күресу. Ресей әскерінің Сириядағы әрекеттерінің мақсаты – лаңкестікті жою»,- деді.

Ресей Президентінің айтуынша, Сириядағы мазхабаралық қақтығыстар  бұл елдің бірлігіне  қауіп-қатер төндіреді. Ресей Сириядағы әскери әрекеттерімен өзінің қауіпсіздігін қорғайды.

Владимир Путин сөзінің жалғасында Ресейдің өз қарулы күштерін нығайтуды жалғастырып жатқанын айтып: «Зымырандық қорғаныстық қалқандар мен дамыған әуе қарулары Мәскеудің басымдылықтарының қатарында»,- деді.

Ресей 2015-ші жылдың қыркүйек айынан бері   Сирия Президенті Башар Асадты қолдап, бұл елде әуе әрекеттерін бастады.