Түркия Германиядағы өзінің азаматтарына тыңшылық жасауда
https://itolqyn.com/news/world-i24642-Түркия_Германиядағы_өзінің_азаматтарына_тыңшылық_жасауда
Анкара үкіметі Германияда тұратын түркиялық мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналарына мектептерде Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоғанды сынға алған кісілер туралы мәлімметтер беруді сұрады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 25, 2017 17:36 Asia/Almaty
  • Түркия Германиядағы өзінің азаматтарына тыңшылық жасауда

Анкара үкіметі Германияда тұратын түркиялық мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналарына мектептерде Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоғанды сынға алған кісілер туралы мәлімметтер беруді сұрады.

Германиялық "West Deutsche Allgemeine Zeitung" газетінің хабарлауы бойынша, Германияның батысындағы Солтүстік Рейн-Вестфалия облысындағы Түркия консулдығы сол жердегі түркиялық азаматтарға мектептегі сурет сабақтары кезінде Түркия үкіметіне қарсы кез-келген сын жайлы мәлімет беріп отыруды сұраған. 

Германияның білім және ғылым одағының ақпарат өкілі Себастьян Карбез: "Солтүстік Рейн-Вестфалия облысындағы Түркия мұғалімдерінен мектептегі Түркия үкіметіне қарсы айтылған кез-келген сын жайлы Түркия консулдығына хабарлап отыру талап етілді",- деді.