Пәкістанда Сауд Арабиясына қарсы шеру өтті
https://itolqyn.com/news/world-i24706
Пәкістанның мыңдаған азаматы осы ел жұмысшыларының Сауд Арабиясынан қуып шығарылуына наразылық білдіріп, Исламабадта шеруге шықты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 26, 2017 22:29 Asia/Almaty
  • Пәкістанда Сауд Арабиясына қарсы шеру өтті

Пәкістанның мыңдаған азаматы осы ел жұмысшыларының Сауд Арабиясынан қуып шығарылуына наразылық білдіріп, Исламабадта шеруге шықты.

Шерушілер Пәкістанның астанасы Исламабадтағы журналистер клубының алдына жиналып, "Сауд әулетіне өлім!" деп ұрандату арқылы пәкістандық жұмысшыларды қуғаны үшін Сауд Арабиясының басшыларына деген өздерінің ашуы мен жиіркеніштерін білдірді.

Сауд Арабиясы соңғы бес айда 35 мың пәкістандық жұмысшыны лаңкестік шабуылдар айыбымен елден шығарды.

Бір жарым миллионнан астам Пәкістан азаматы Сауд Арабиясында қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Сауд Арабиясының аймақтағы шапқыншылық саясаты, соның ішінде Сирия мен Ирак және Йеменде соғыс отын лаулатуы, мұнай бағасының төмендеуі, даму мен экономикалық істердің тоқырауына, соның салдарынан шетелдік жұмысшыларды елден шығаруға соқтырып отыр. Сауд Арабиясы 2017 жылы шамамен 53 млрд доллар бюджет тапшылығына тап болады деген болжам айтылуда.