Путин Орталық Азияның үш еліне сапармен барды
Ресей Президенті Владимир Путин Ресей мен Орталық Азия республикалары арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуының 25 жылдығына орай бұл аймақтың үш еліне сапарын бастады.
Владимир Путин дүйсенбі, ақпанның 27-інде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Содан соң Тәжікстан Президенті Имамәли Рахманмен кездесу үшін Душанбеге аттанды. Бүгін, сейсенбі ақпанның 28-і күні Қырғыз республикасына келіп түседі.
Путинның бұл елдерге жасап отырған сапарын 2016-шы жылдың қарашасында жарияланған Ресейдің сыртқы саясат докринасына сай бағалауға болады. Кремль үшін Орталық Азия мен Кавказ аймағының республикалары және Украина, Беларусь пен Молдавия кіретін жақын шетел аймағы елдері Ресейдің сыртқы саясатында өте маңызды орынға ие. Мәскеудің бұл елдерде әртүрлі мақсаттары бар. Мәскеу аталмыш, әсіресе Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдермен қауіпсіздік және әскери қарым-қатынастарын арттыруды мақсат етуде. Путинді қарсы алған Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан осы ұйымының мүшелері және Ресеймен әскери қарым-қатынас орнатқан мемлекеттер. Кеңес Одағы кезінен бері Тәжікстанда орналасқан ресейлік әскери күштер өткен 20 жылда да Тәжікстан мен Ауғанстан шекараларын қорғауды жалғастырды. Ауғанстандағы экстремистердің Орталық Азияға әсерін тигізу әрекеттеріне назар аудару бұл аймақта өз әскерилерін орналастырудың Мәскеу үшін ерекше маңызды екенін көрсетеді. 2013-ші жылы Ресей Тәжікстанда 201-ші әскер базасының орналасуы туралы келісімді созған соң екі елдің күштері көптеген ортақ әскери жаттығулар өткізді. Бұл жаттығулардың мақсаты Тәжікстанның қауіпсіздігі мен Кеңес Одағының бұрынғы республикаларының шекараларын қорғау болды.
Қырғызстанда Ресей Кант әуе базасын өз ықтиярына алып, бұл елдің үкіметімен кең ауқымды саяси қарым-қатынас орнатты.
Путин сапарының бірінші елі болған Қазақстан Ресеймен бірнеше мың километрге созылған шекараға және Ресеймен кең ауқымды экономикалық және әскери қарым-қатынастарға ие болуына байланысты Мәскеудің бұл аймақтағы ең маңызды одақтастарының бірі саналады. Экономикалық салада да Ресей Еуразия экономикалық одағы құрылғаннан бері өткен бірнеше жылда бұл елдердің мүшелігіне қатысты көптеген талпыныс жасады. Ресейліктер Еуразия экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы сауда және экономикалық байланыстарын кеңейтіп, Еуроодаққа қарсы тұра алатындай деңгейге жетпек. Ресейдің келесі мақсаты бұл елдердегі АҚШ пен Еуроодақтың ықпалын азайту болуда. АҚШ өткен жылдары Орталық Азия елдеріндегі ықпалын арттырып, Ресейдің наразылығына себеп болды. Мәскеудің пікірінше бұл елдерге шетелдік әскери және қауіпсіздік тұрғыдан араласу, сондай-ақ әскери базалар орналастыру Ресейдің ұлттық қауіпсіздігі үшін қызыл сызық саналады. Сондықтан Мәскеу осы кезге дейін әртүрлі жолдар арқылы қарсылық білдірді.