Нау 04, 2017 14:55 Asia/Almaty
  • Ресей, Иран және Түркия Женевадағы төртінші келіссөздерде маңызды рөл атқарды

БҰҰ-ның Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура жұма күні кешке Женевадағы төртінші келіссөздер аяқталғаннан кейін, Ресей мен ИИР және Түркияның осы келіссөздер үдерісінде маңызды рөлге ие болғанын айтты.

ИИР-ның Телерадио бірлестігінің хабарлауынша, Стаффан де Мистура Женевадағы Сирия мәселесі бойынша өткен төртінші келіссөздер барысында орын алған қиындықтарға қарамастан, келіссөздердің нәтижелі болғанына сілтеме жасап: "Келіссөздер барысында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2254 қарарының жүзеге асырылуына қатысты туындаған күмәндар шешілді.

Біздің күн тәртібімізде алты айлық мерзім ішінде инклюзивті, зайырлы үкімет құру, алты ай аралығында Конституцияның мәтінін дайындау, 18 ай аралығында ашық әрі азат сайлау өткізу және Сириядағы лаңкестікпен күресу атты төрт негізгі мәселеден құралған мәселелер тұр",- деді.

Де Мистура сондай-ақ сириялық тараптар арасындағы келіссөздерді жалғастыру қажеттілігін қуаттап, Сирия үкіметі мен наразы топтың делегацияларын осы жылы өткізілетін бесінші Женева отырысына шақыратынын мәлімдеді

Сириядағы 23-ақпан дағдарысын шешу мақсатындағы төртінші Женева келіссөздері наурыздың үші, жұма күні Женевада аяқталды.

 

Тегтер