«Астара-Астара» темір жолы экспериментті түрде пайдалануға берілді
(last modified Sun, 05 Mar 2017 16:28:21 GMT )
Нау 05, 2017 22:28 Asia/Almaty
  •  «Астара-Астара» темір жолы экспериментті түрде пайдалануға берілді

Әзірбайжан республикасы президентінің Теһран сапарымен тұспа-тұс Әзірбайжан республикасы поезының Иранның солтүстігінде орналасқан Астара вокзалына келуімен «Солтүстік- оңтүстік» дәлізін жүзеге асыру бағытында «Астара- Астара» темір жолы экспериментті түрде пайдалануға берілді.

Осы темір жолдың ашылуы мен пайдалануға берілуімен, сондай-ақ екі елдің атсалысуымен «Рашт-Астара» темір жолы жобасының аяқталуымен Иран ислам республикасы Әзірбайжан республикасы  арқылы Еуропаның темір жолына қосылады. Әзірбайжан республикасы да рельс жолдары арқылы Иранның оңтүстігіндегі Парсы Шығанағына тікелей қолжетімділікке ие болады.

«Астара-Астара» темір жолын пайдалануға беру екі елге транзиттік және тасымалдау мүмкіндіктерін ауқымды түрде пайдалану үшін кең мүмкіндік қалыптастырады. Екі ел темір жолының қосылуымен тауар Иранның оңтүстігіндегі Бандар Аббас пен  Әзірбайжан республикасы арқылы Ресей мен Скандинавия және еуропалық елдерге оңай тасымалданатын болады.