Нау 06, 2017 15:10 Asia/Almaty
  • Арақчи: Үнді мұхиты аймағындағы ынтымақтастықтар одағы әлемдік өзгерістерде ықпалға ие

ИИР Сыртқы істер министрінің орынбасары: «Үнді мұхиты аймағындағы ынтымақтастықтар одағы әлемдік өзгерістерде ықпалға ие»,-деді.

ИИР Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары сейіт Аббас Арақчи дүйсенбі күні Индонезияның астанасы Джакарта қаласында Үнді мұхиты аймағындағы ынтымақтастықтар одағына  мүше елдер  Сыртқы істер министрлерінің отырысында осы одақтың әлемдік өзгерістерге әсер етудегі маңыздылығына тоқталып, мүше елдердің алты салада, әсіресе сауда мен инвестиция саласында ынтымақтастықтарын нығайту және мүше елдер арасында банктік және қаржы саласындағы ынтымақтастықтар әлеуетін арттыруға мүдделік танытып: «Иранға салынған санкциялардың алынуы Үнді мұхиты аймағындағы ынтымақтастықтар одағына мүше елдер арасындағы, әсіресе Үнді мұхитына  қосылып жатқан Парсы шығанағы аймағындағы экономикалық ынтымақтастықтарды арттыруға қолайлы жағдай жасады»,-деді.

ИИР Сыртқы істер министрінің орынбасары, сондай-ақ,  Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһар айлағындағы экономикалық мүмкіндіктердің молдығына тоқталып: «Чабаһар айлағы – экономикалық тиімділігі жоғары шығыс пен батыс, солтүстік пен оңтүстікті тоғыстырған жер. Үнді мұхиты аймағындағы ынтымақтастықтар одағына мүше елдерді осы айлақтың әлеуеттеріне көңіл аударуға шақырамын»,-деді.

Тегтер