Трамптың телефон сұхбаттарының Обама тарапынан тыңдалғаны туралы уәждерге реакция жалғасуда
(last modified Mon, 06 Mar 2017 18:00:08 GMT )
Нау 07, 2017 00:00 Asia/Almaty
  • Трамптың телефон сұхбаттарының Обама тарапынан тыңдалғаны туралы уәждерге реакция жалғасуда

Ақ үйдің ақпарат хатшысының орынбасары АҚШ Президенті Дональд Трамптың сайлауда жеңіске жеткенге дейін осы елдің бұрынғы Президенті Барак Обама тарапынан өзінің телефон сұхбаттарының тыңдалғаны туралы уәждерін саяси масқарашылық деп атады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ақ үйдің ақпарат хатшысының орынбасары Сара Хукаби Сандерс: «АҚШ Президенті Дональд Трамптың 2016 жылғы сайлауалды науқанында осы елдің бұрынғы Президенті Барак Обаманың оның телефон арқылы сұхбаттарын тыңдағаны туралы уәждерін тексеру қажет. Өйткені мұндай уәждер дұрыс болса, АҚШ үшін ең үлкен саяси мақарашылық болады»,-деді.

Осы орайда АҚШ Федералды полициясының басшысы Джеймс Коми осы елдің Әділет министрінен Дональд Трамптың телефон сұхбаттарының тыңдалғаны туралы уәждерін теріске шығаруды сұрады.

Ақ үйдің ақпарат хатшысы Шон Спайсер осыдан бұрын: «АҚШ Конгресі осы елдің бұрынғы Президенті Барак Обама үкіметінің АҚШ-тың қазіргі Президенті Дональд Трамптың телефон сұхбаттарын тыңдауы тақырыбын зерттеуі тиіс»,-деген болатын.

Ақ үйдің уәждері Барак Обаманың ақпарат хатшысы Кевин Льюистың телефон сұхбаттарын тыңдау туралы айыптарды теріске шығарған жағдайда айтылып отыр.