Еуропалық мемлекеттер Эрдоғанның Германия туралы сөздеріне өкініш білдірді
(last modified Tue, 07 Mar 2017 15:57:23 GMT )
Нау 07, 2017 21:57 Asia/Almaty
  • Еуропалық мемлекеттер Эрдоғанның Германия туралы сөздеріне өкініш білдірді

Кейбір еуропалық мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері Түркия Президенті Эрдоғанның өз партиясының алдағы сайлауға қатысты Германиядағы жиындарына рұқсат бермеуіне байланысты Германияға қарсы сөйлеген сөздеріне өкініш білдірді.

Рейтерс агенттігінің Брюсельден хабарлауынша Еуроодаққа мүше бірнеше мемлекеттің Сыртқы істер министрлері дүйсенбі күні Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанның өз партиясының алдағы сайлауға қатысты Германиядағы жиындарына рұқсат бермеуіне байланысты Германияға қарсы сөйлеген сөздеріне   өкініш білдіріп, бұл мәселеге қатысты екі жақты  ұстамдылыққа шақырды.

Эрдоған жексенбі күні Берлин үкіметін Германияда өмір сүретін және Эрдоғанның ықтиярларын арттыру туралы референдумға қатысу құқығына ие бір жарым  миллион түрік азаматына жиналуға рұқсат етпеуіне байланысты «фашистік әрекет» жасады деп айыптады.

Еуроодақтың отырысына қатысу үшін Брюсельге келген Бельгия Сыртқы істер министрі Түркия Президентінің сөздерін бос сөз деп атап, айыптады. Финляндия да Түркияның бұл мәселені мүмкіндігінше жылдам шешуіне мүдделік танытты.