АҚШ ДАИШ-пен күрес саласында әртүрлі ұстанымдарға ие
(last modified Tue, 07 Mar 2017 16:17:55 GMT )
Нау 07, 2017 22:17 Asia/Almaty
  • АҚШ ДАИШ-пен күрес саласында әртүрлі ұстанымдарға ие

Ресей ДАИШ-ты толық жойғанша күресетінін қуаттап, АҚШ-тан осы лаңкестік топқа қатысты өз ұстанымын анықтауды сұрады.

Ресей Парламентінің Жоғары Палатасының басшысы Валентина Матвиенко Трамп үкіметінің ДАИШ-ке қарсы күресте Ресеймен ынтымақтастық жасамауы туралы сөздеріне тоқталып: «АҚШ ДАИШ лаңкестік тобымен күресуге және Ресеймен қарым-қатынас орнатуға қатысты өз ұстанымдарын анықтауы керек»,- деді.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Американың қатысуынсыз да ДАИШ-ке қарсы күресін жалғастыратынын мәлімдеді. АҚШ Президенті Дональд Трамп билік басына келген соң: «Лаңкестікпен күрес  саласында Мәскеу мен Вашингтон ынтымақтастық жасаса, АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынастары жақсарады»,- деп мәлімдеген болатын. 

Мәскеу мен Вашингтонның қарым-қатынастары Обаманың президенттік кезеңінде екі жақтың – Шығыс Еуропа мен Таяу Шығыс аймағындағы ықпалын арттыру   бәсекелестігінің салдарынан  нашарлап,  АҚШ  Украина дағдарысын сылтауратып, Ресейге қарсы санкцияларды күшейтті. Алайда Трамп Ресеймен қарым-қатынастарын жақсарту және бұл елге қарсы салынған санкциялардың күшін жою уәделерімен саяси және қауіпсіздік теңгерімде, әсіресе Сирияда Мәскеуден ұпай алғысы келеді деген ой туады.

Сирия дағдарысы 2011-ші жылы АҚШ пен оның одақтастары қолдайтын лаңкестік топтардың Башар Асадтың заңды үкіметін құлату мақсатындағы кең ауқымды шабуылдарымен басталды. Ресей Сирияның ресми үкіметінің сұрауымен ДАИШ пен ән-Носрат майданы сынды лаңкестік топтарға қарсы тұрды. Сириядағы АҚШ қолдайтын лаңкестерді жою Ресей үшін маңызды.  АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің ДАИШ лаңкестік тобы Сирияның үкіметін құлату мақсатында Вашингтон тарапынан құрылды деген мойындауларынан АҚШ-тың лаңкестікпен тек сөзбен күресетіндігі, іс жүзінде лаңкестерді қолдайтыны әшкереленді. Трамп билік басына жетпестен бұрын «ДАИШ Обама үкіметінде құрылды» деп мойындап, сайлауда жеңіске жеткеннен кейін оның АҚШ-тың Сириядағы әскери құзырын азайтатыны туралы айтқан болатын. Ресей АҚШ-тан ДАИШ лаңкестік тобына қарсы күресте ынтымақтастық жасауды сұрады. Бірақ Трамп үкіметі ДАИШ-ке қарсы күресте Ресеймен  ынтымақтастық жасауды  қабылдамай, АҚШ-тың Таяу Шығыс аймағындағы тұрақсыздықты сақтап қалу үшін Сирия мен Ирактағы лаңкестерді қолдайтын шынайы ниетін әшкере етті. Ресей жуыда Трамп үкіметі Сирияда қауіпсіз аймақтың орнатылуы туралы айтқан жағдайда Америкадан ДАИШ-ке қарсы күреске қатысты ұстанымын анықтауды талап етті. АҚШ-тың Сириядағы қауіпсіз аймақтың орнатылуы туралы  жобасының мақсаты –  Сирия үкіметі мен одақтастары операцияларының нәтижесінде толық жойылуға жақындаған лаңкестерді құтқару. Шын мәнінде, Трамп үкіметінің ұстанымы Обама үкіметінің ұстанымы сынды тәкфіршіл-сионистік лаңкестерді қолдау және Сирия үкіметін құлату мақсатында Сириядағы АҚШ-тың әскери құзырын жалғастыру, тіпті нығайту болып табылады.