"iPhone" мен "Android" – Америкадағы тыңшылық құралдары
АҚШ-ның Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы мердігері "iPhone" мен "Android" құрылғыларын Америкадағы тыңшылық құралдары деп атады.
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы мердігері Эдвард Сноуден: "АҚШ Орталық Барлау Басқармасының «WikiLeaks» сайтындағы мыңдаған құпия құжаты осы елдің барлау ұйымдарының ұялы телефондарды, әсіресе "iPhone" мен "Android" құрылғыларын тыңдайды деген шындықты тағы да дәлелдейді" деді.
«WikiLeaks» сайты сейсенбі күні АҚШ Орталық Барлау Басқармасының 9 мың құжаттан тұратын құпия құжаттары мен файлдарының алғашқы бөлімін "Year Zero" атты топтамада жариялады.
Осы мәлімет бойынша, құжаттардың жариялануы АҚШ Орталық Барлау Басқармасының киберлік тыңшылығы жөніндегі құпия жайттарға назар аудартады. Сол бағдарламада ОББ-ның сұхбаттарға тыңшылық жасау үшін ішкі микрофонға қол жеткізу мақсатында "iPhone" ұялы телефондары мен "Android" және Microsoft Windows бағдарламаларын тыңдап, "Samsung" теледидарларына хакерлік шабуыл істегені әшкереленді.
Тыңшылық бағдарламасы әлемнің бүкіл аймағында жүргізілген.