Тәжікстандық жігіт ДАИШ тобына мүшелікке талпыныс жасау айыбымен жазаланды
Нау 08, 2017 20:51 Asia/Almaty
Соғд уалаятының орталығы Худжанд қаласының сот мекемесі Рәшт аймағының бір тұрғынын ДАИШ лаңкестік тобына қосылуға талпыныс жасады деген айыбымен 15 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығады.
Сот мекемесінің басшылары: "Рәшт аймағының 29 жастағы тұрғыны Хаятов мигрант жұмысшы ретінде Ресейге сапар шеккен кезде әсірешіл топтардың насихаттарымен алғашында Өзбекстан Исламдық Әрекетінің мүшесі болды. Содан кейін ДАИШ лаңкестік тобына қосылу үшін Сирияға аттанды" деп мәлімдеді.
Тегтер