Путин Ресейдің он генералын міндеттерінен босатты
(last modified Fri, 10 Mar 2017 14:50:52 GMT )
Нау 10, 2017 20:50 Asia/Almaty
  • Путин Ресейдің он генералын міндеттерінен босатты

Ресей президенті ІІМ, прокуратураның тергеу комитеті және сот үкімдерін орындау ұйымының он генералын қызметтерінен босатты.

ИРНА-ның хабарлауынша, олардың үшеуі Новгород, Самара және Волгоград аймақтарының полиция ұйымдарының басшылары, келесі үшеуі Мордовия ішкі республикасы мен Саратов облысында сот үкімдерін орындау ұйымының басшылары және осы ұйымның әлеуметтік-психикалық істер басқармасының төрағасы болған.

Ресей прокуратурасының тергеу комитетінің арнайы инспекторын, сонымен қатар Чувашия республикасы мен Ресейдің Қиыр Шығысындағы автономиялы аймағының прокурорын да Ресей президенті жарлығымен қызметінен босатты.

Владимир Путин сондай-ақ, кеше бейсенбі күні Ресейдегі қылмыстардың жағдайын сынап, елдегі қылмыстардың жартысынан астамының әлі анықталмағанын, қылмыскерлердің жазаланбағанын мәлімдеді. Путин Ресей ІІМ-нің осы жағдайды жақсартуды, қылмыстар деңгейін төмендетіп,  бұзақылар мен қылмыскерлерге тосқауыл қоюды талап етті.