Эммануэль Макрон – Францияда өтетін сайлауға қатысты сауалнамаларда көшбасшы
Нау 11, 2017 22:13 Asia/Almaty
"PVA" кеңсесінің жаңа сауалнамасының қорытындылары француздық дауыс берушілердің президенттік сайлаудағы тәуелсіз үміткер Эммануэль Макронға қолдау көрсетуінің одан әрі артып келе жатқанын көрсетті.
Осы сауалнама Эммануэль Макронның сайлаудың бірінші кезеңінде дауыстардың 26 пайызына ие бола алатынын көрсетті. Бұл көрсеткіш өткен аптамен салыстырғанда 2 пайызға және соңғы 15 күнде 5 пайыздан астам ұлғайған. Сауалнаманың қорытындылары бойынша президенттік сайлаудағы тәуелсіз үміткер Эммануэль Макрон сайлаудың екінші кезеңінде Ұлттық майданның жетекшісі Марин Ле Пенды жеңіліске ұшырата алады.
Тегтер