Түркия Премьер-министрі Нидерландыға ескерту жасады
(last modified Sun, 12 Mar 2017 09:07:34 GMT )
Нау 12, 2017 15:07 Asia/Almaty
  • Түркия Премьер-министрі Нидерландыға ескерту жасады

Түркияның Премьер-министрі: «Анкара Нидерландының Түркияның Сыртқы істер министрі мен оның отбасына қатысты қабылдауға келмейтін қатынасына қатаң жауап беретін болады»,-деді.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бинали Йылдырым Түркияның қалай жауап беретіндігін ашып айтпастан: «Анкарамен доспыз деп айтатын және демократия, сөз бостандығы мен адам құқығы ұрандарын айтатын елдер өздерінің уәждері негізінде әрекет етпейді»,-деп баса айтты.

Ол Еуропада өмір сүретін Түркия азаматтарын 16 сәуірде осы елдің Конституциясына өзгерістер енгізу туралы референдумға қатысып, еуропалық елдерге қатаң жауап беруге шақырды.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған да осы ел Сыртқы істер министрі мен оның жанұясының Нидерландыдан шығарылғанына байланысты білдірген реакциясында  бұл елдің басшыларын «нацизмнің қалдықтары» деп атады.

Түркия мен Нидерланды басшылары арасындағы қайшылық Нидерланды үкіметінің осы елге Түркияның Конституциясына өзгерістер енгізу туралы референдумға үгіт-насихат жасауға келген Түркияның Сыртқы істер министрі мен оның жанұясын елден шығарып жібергеннен кейін күшейе түсті.