Нидерландының Премьер-министрі: Түркия үкіметі кешірім сұрауы керек
https://itolqyn.com/news/world-i25164-Нидерландының_Премьер_министрі_Түркия_үкіметі_кешірім_сұрауы_керек
Нидерландының Премьер-министрі Түркия үкіметінің кешірім сұрауын талап етті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 13, 2017 14:44 Asia/Almaty
  • Нидерландының Премьер-министрі: Түркия үкіметі кешірім сұрауы керек

Нидерландының Премьер-министрі Түркия үкіметінің кешірім сұрауын талап етті.

France Press ақпарат агенттігінің Гаагадан хабарлауы бойынша, Нидерландының Премьер-министрі Марк Рютте жексенбі күні кешке осы елдің парламенттік сайлау науқаны аясында: «Кешірім сұрау – ешқашан Нидерланды үкіметі тарапынан көтерілмейтін тақырып. Түркия үкіметі өзі істеген іске кешірім сұрауы тиіс»,-деп мәлімдеді.

Рютте өз елі үкіметінің атынан Түркия министрінің Нидерландыдан шығарылғанына  кешірім сұрамайтындығына тоқталып, сонымен бір мезгілде Гаага мен Анкара арасында туындаған дағдарыстың шешілетіндігіне үміт білдіріп: «Бұл жағдайда қатынасты тыныштандыруға талпыныс жасау ең жақсы іс болады. Алайда, егер Түркия Нидерландыға қарсы өткір ұстанымдарын жалғастыра беретін болса, Нидерланды да жаңа шараларды күн тәртібіне қояды»,-деп хабарлады.

Осындай жағдайда Режеп Тайып Ердоған жексенбі күні Стамбұл халқы алдында сөйлеген сөзінде Нидерланды үкіметінің  Түркия Сыртқы істер министрі мен  Жанұя істері министрінің осы елге кіруіне тосқауыл қоюын айыптап: «Нидерланды өз ісінің сазайын тартатын болады. Түркия Нидерланды басшыларына халықаралық дипломатияны үйретеді»,-деді.