"Астана-3 келіссөздерін кейінге қалдырудың мақсаттары
(last modified Mon, 13 Mar 2017 08:53:27 GMT )
Нау 13, 2017 14:53 Asia/Almaty

"Астана-3" келіссөздерін өткізуге бір күн қалғанда сириялық қарсыластар осы келіссөздерді кейінге қалдыруды сұрады.

Сирия қарсыластарының әскери делегациясы "Астана-3" келіссөздерін кейінге қалдыруды сұрады. Қазақстан СІМ-нің хабарлауы бойынша, Сирия үкіметінің өкілдері мен қарсыластар арасындағы отырыс 14-15 наурызда Қазақстанның елордасы Астанада өтеді деп жоспарланған. 2017 жылы Қазақстанның елордасы Астана қаласында Сирия дағдарысына қатысты келіссөздердің екі кезеңі, ал Швейцарияның Женева қаласында бір кезеңі өтті. Бұған қарамастан,  Астана отырысы да, Женева-4 отырысы да бірнеше күнге кешіктірілумен басталды. Енді "Астана-3" отырысы да бірнеше күн кейінге шегерілетін сияқты.  

Қарсыластар "Астана-3 келіссөздерін кейінге қалдыру туралы өз өтінішін түсіндіруде Сирия үкіметінің атысты тоқтату бітіміне берік болмауы мен олардың бақылауындағы кейбір аудандарда тұрғындардың құрамының өзгергенін алға тартты. Сирияда атысты тоқтату бітімі 29 желтоқсанда Алеппо қаласы азат етілген соң орнады. Сирия жүйесіне қарсылардың пікірі бойынша, кейбір аудандарда наразыларды қоршауға алу және оларды бұл аудандардан көшуге мәжбүрлеу Сирия үкіметінің  атысты тоқтату бітімін  бұзуы болып саналады. Сондықтан қарсыластар "Астана-3" келіссөздерін өткізбес бұрын атысты тоқтату бітімінің механизмі туралы сөйлесуді қалайтынын білдірді. Қарсыластар Сирия дағдарысының қазіргі жағдайында әлсіз позицияда тұр. Олар елдің соғыс майдандарындағы өзгерістермен үйлеспейтін шарттар қою арқылы Сирия жүйесінің салыстырмалы түрдегі артықшылығын, яғни майдандағы жеңістерін солғындатып көрсетуге талпыныс жасауда.

Бұдан басқа маңыздырақ тақырып мынада: "Астана-3" келіссөздерін кейінге қалдыруға өтініш жасау Сирия дағдарысындағы шетелдік ойыншылардың жасырын келіссөздерінің нәтижесінде туындап отыр. Трамп үкіметінің Сирия дағдарысы туралы ұстанымы әзірше тұрақты емес. Еуропалық елдер де Сирия дағдарысына қатысты бұрынғыдай үстем күшке ие емес. Башар Асад үкіметін құлатуға орасан қаржы жұмсаған Сауд Арабиясы Астана отырыстары мен "Женева-4" келіссөздерінде бұрынғы орнына ие бола алмады. Сирия дағдарысындағы өзінің әлсіреген орнын Ресей арқылы қайта күшейтуге талпынған Түркия бәрінен бұрын Сирия жүйесіне қарсылар мен наразылар арасындағы ықпалының күшімен "Астана-2" және "Женева-4" келіссөздерінде осы дағдарысты шешуге бағытталған бір саяси шешімге келуге кедергі жасауды жалғастырды.

Сирия жүйесіне қарсы шетелдік ойыншылардың жағдайына керісінше,  ИИР мен Ресей сияқты ойыншылар әрдайым Сирия халқының өз тағдырын анықтау құқығына ие екендігін баса айтып, Сирия майданында стратегиялық жеңістерге жету арқылы Астана мен Женева келіссөздерінде үстем позицияға ие болды. Осы тұрғыдан қарсыластардың Астана-3 келіссөздерін кейінге қалдыруды сұрауының себебі Сирия жүйесіне қарсы шетелдік ойыншылардың келіссөздердегі өздерінің саяси орнын жақсарту және Ресей мен Иран сияқты ойыншылар арасына іріткі салу үшін жасырын жасап жатқан талпыныстары болуы ықтимал. Иордания мен АҚШ сияқты елдердің "Астана-2" келіссөздеріне қатысуы және оларды "Астана-3" келіссөздеріне шақыру да осы мақсатта орын алды. Мұнымен қоса, АҚШ, Түркия мен Сауд Арабиясы Ресейге әсіресе Сирияның соғыс майданына атсалысуын арттыруда ұпай беру арқылы ИИР-ның Сирия дағдарысын шешудегі рөлін әлсіретуге талпыныс жасап жатыр.