Еуропаның Жоғары соты исламдық хиджабқа тыйым салды
(last modified Wed, 15 Mar 2017 08:27:21 GMT )
Нау 15, 2017 14:27 Asia/Almaty
  • Еуропаның Жоғары соты исламдық хиджабқа тыйым салды

Еуропаның Жоғары соты әйелдерге жұмыс орындарында исламдық хиджаб киюге тыйым салды.

Франция ақпарат агенттігінің мәліметінше, Еуропаның Жоғары соты шешім шығарып: «Еуроодаққа мүше мемлекеттерде жұмыс істейтін компаниялар исламдық  белгілерді пайдалануға тыйым салу үкімін  пайдаланып, әйелдерге хиджаб киіп келуге тыйым сала алады»,- деп жариялады.

Еуропаның Жоғары соты исламдық хиджабты (басқа тартатын орамалды) исламдық белгі деп атады.

Бұл үкім Еуропаның Жоғары сотының  әйелдердің жұмыс орындарына хиджабпен келуге тыйым салатын бірінші шешімі болды. Мұндай шешім исламдық хиджаб кигендері үшін жұмыс орындарынан шығарылған Франциядағы екі әйел мен Бельгиядағы бір әйелдің ісіне қатысты шығарылды. Азаматтық белсенділер  Еуропаның Жоғары сотының шешімін адамдардың азаттығына қайшы деп санайды.

Еуропалық үкіметтер, соның ішінде Франция мен Германия өткен айларда мұсылмандарға қарсы әрекет етіп,  әсіресе исламдық хиджабқа шектерулер қойды.