Ресей Астана келіссөздеріне қатыспағаны үшін сириялық қарсыластарды сынады
https://itolqyn.com/news/world-i25242
Ресей Сыртқы істер министрі Астана келіссөздеріне қатыспағаны үшін сириялық қарсыластарды сынады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 15, 2017 14:45 Asia/Almaty
  • Ресей Астана келіссөздеріне қатыспағаны үшін сириялық қарсыластарды сынады

Ресей Сыртқы істер министрі Астана келіссөздеріне қатыспағаны үшін сириялық қарсыластарды сынады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ресей Сыртқы істер министрі  Сергей Лавров сириялық қарулы қарсыластардың Астана келіссөздеріне қатыспау дәлелдерін қисынсыз деп атады. Лавров сириялық қарсыластардың Астана келіссөздеріне қатыспау себептерін қанағаттандырарлық емес деп атап: «Ресей Қорғаныс министрлігі басшыларының пікірі бойынша жағдайды анықтау үшін Сирия оқиғаларын зерттеу қажет.

Өткен жылдың желтоқсан айының соңында келісімге қол қойылғанға дейінгі кезеңмен салыстырғанда атысты тоқтату үдерісін бұзу азайды»,- деді.

Астана отырысының 4-ші кезеңі сейсенбі күні Қазақстанның елордасында сириялық қарулы қарсылас топтардың қатысуынсыз басталды. Астанада өткен осыған дейінгі отырысқа қатысқан қарулы қарсыластар тобы 4-ші отырысқа өздерінің қатыспайтындықтарын мәлімдеді.