Ресей Астана келіссөздеріне қатыспағаны үшін сириялық қарсыластарды сынады
Ресей Сыртқы істер министрі Астана келіссөздеріне қатыспағаны үшін сириялық қарсыластарды сынады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сириялық қарулы қарсыластардың Астана келіссөздеріне қатыспау дәлелдерін қисынсыз деп атады. Лавров сириялық қарсыластардың Астана келіссөздеріне қатыспау себептерін қанағаттандырарлық емес деп атап: «Ресей Қорғаныс министрлігі басшыларының пікірі бойынша жағдайды анықтау үшін Сирия оқиғаларын зерттеу қажет.
Өткен жылдың желтоқсан айының соңында келісімге қол қойылғанға дейінгі кезеңмен салыстырғанда атысты тоқтату үдерісін бұзу азайды»,- деді.
Астана отырысының 4-ші кезеңі сейсенбі күні Қазақстанның елордасында сириялық қарулы қарсылас топтардың қатысуынсыз басталды. Астанада өткен осыған дейінгі отырысқа қатысқан қарулы қарсыластар тобы 4-ші отырысқа өздерінің қатыспайтындықтарын мәлімдеді.