Америка израильдік апартеид туралы жазған БҰҰ-ның есебіне ашу танытты
Америка БҰҰ-ның Бас хатшысынан осы ұйымға қарасты органнан «Сионистік режим палестиналықтарға қатысты апартеидтік әрекет жасады» деп айыптаған есепті қайтарып алуды сұрады.
БҰҰ-ғы Американың елшісі Никки Хейли БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік комитетінің Азияның батысына арналған есебі туралы айтқан сөзінде: «Америка бұл есепке ашулы. БҰҰ-ның Бас хатшысы Антонио Гуттериш ол есепті қайтарып алуы керек.
Мүшелері Израильді ресми түрде танымайтын орган тарапынан Израильге қарсы мұндай сөздердің айтылуы тосын жағдай емес» деп қуаттады.
БҰҰ-ғы Американың елшісі сонымен қатар осы ұйымды Израильге қарсы біржақты қатынаспен айыптап, Американың өкілі ретінде БҰҰ-да Израильді кесімді түрде қолдайтынын мәлімдеді.
БҰҰ-ғы Израильдің елшісі Данни Данон да есепті айыптап, оны өз еліне қарсы кеңістік тудыру деп атады.
БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік комитетінің Азияның батысы үшін дайындаған есебінде «Қолда бар құжаттар Израильдің палестиналықтарға қатысты жүзеге асырған саясаттары мен әрекеттерін апартеид қылмыстарына ұқас деп санауға болатынын көрсетеді» деп жазылған.