Ресей Американың айыптауына реакция білдірді
Ресей СІМ Американың «Ресейліктердің киберлік шабуылға қатысы болды» деген айыптауын теріске шығарды.
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова Американың «Ресейдің Федералдық Қауіпсіздік ұйымының YAHOO сайтына жасалған киберлік шабуылға қатысы болды» деген айыптарын жаңсақтық деп атап: «Ресей интернет кеңістігінің қауіпсіздігі саласындағы өзінің халықаралық міндеттемелеріне берік. Ресейлік органның, соның ішінде Федералдық Қауіпсіздік қызметінің ресми түрде интернет кеңістігіндегі заңсыз әрекеттерге қатысты болуы мүмкін емес» деді.
Американың Әділет министрлігі төрт адамды, соның ішінде Ресейдің Барлау органдарының екі мүшесін YAHOO интернет сайтына жасалған киберлік шабуылға қатысы бар деп айыптаған болатын.