Нау 17, 2017 17:56 Asia/Almaty
  • Трамп үкіметі Ресейдің араласуы туралы зерттеу жүргізу үшін ынтымақтастық жасауды сұрады

Республикашыл сенатор Чак Грассли АҚШ үкімет басшыларын Трамптың Ресеймен қарым-қатынастары туралы зерттеулердің мәліметтерін тапсырудан бас тартуын айыптады.

Трамп үкіметі мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды зерттеген комитеттердің бірінің басшысы әрі Сенаттың сот комитетінің төрағасы Грассли Әділет министрлігінің басшыларын өтірік айтумен айыптап: «Олар зерттеу нәтижелерін заң шығарушыларға тапсыруға уәде бергенімен, мәліметтерді тапсырудан бас тартты»,- деді. Бұған қарап, республикашылар  билігіндегі Конгресс пен Дональд Трамп үкіметі арасында қайшылықтар артуда деген ой туады. Негізінде АҚШ Президентінің командасы мен Кремль арасындағы қарым-қатынастарды зерттеумен айналысып отырған заң шығарушылар мен Конгресс мүшелері АҚШ үкімет басшыларын зерттеулердің алдын алуға талпыныс жасады деп айыптады. Грассли Трамп командасы мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды зерттеуге талпыныс жасап отырған Конгресс өкілдерімен Трамп үкіметінің ынтымақтастық жасау тәсіліне үмітсіздік білдіріп отырған  жалғыз адам емес. Бірнеше заң шығарушы Трамптың Обама үкіметінің сайлау науқаны кезінде оның телефон арқылы сұхбаттарының жасырын тыңдалуы  туралы айыптарын растайтын құжаттар тапсыру үшін үкіметке шақыртылды. Бұл мәселе қырғи-қабақ соғысының алғашқы кезіндегі маккартизм құбылысын еске салады.

Маккартизм – АҚШ тарихының 1940-шы жылдарының соңы және 1950-ші жылдарының ортасына дейінгі кезеңнің термины. Маккартизм ағымының іргетасын қалаушы 1947-1957 жылдардағы АҚШ-тың Висконсин штатының сенаторы Джозеф Маккарти болды. Бұл кезеңде коммунизмнің АҚШ қоғамы мен ұйымдарына әсер етуіне алаңдаушылықтар артқан болатын.  Маккартизм кезеңінде әртүрлі үкіметтік органдарда еңбек ететін, армияда қызмет ететін, кинематография индустриясында жұмыс істейтін мыңдаған  америкалықтар мен халықтың әртүрлі таптарының  өкілдері коммунист немесе коммунизмді қолдаушылар деп айыпталып, сұраққа алынған болатын. Бүгінде АҚШ-тан  Ресей басшыларымен қарым-қатынаста болды деп айыпталған жеке адамдар мен саясаткерлерге қарсы маккартизмге ұқсас құбылысты байқауға болады. Бұл құбылыс Трамп үкіметінің Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Майкл Флиннды АҚШ-тағы Ресей елшісімен сұхбаттасты деп айыптап, оны отставкаға кетуге мәжбүрлеумен басталды. Содан соң Әділет министрі Джефф Сешнс, кейін АҚШ Вице-президенті Майк Пенс осындай айыптаулармен кезікті. Мұнымен қатар АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның орыстармен жақын қарым-қатынаста болуы туралы сөздер айтылуда. Бұл үдеріс әлі жалғасуда. Конгрестің осы тақырып туралы мәліметтерге ие болуы үшін қысым жасауына назар аударып, Ресейден үркіту үдерісі мен әртүрлі адамдарды Ресеймен қарым-қатынасы бар деген айыптаулардың жалғасатыны анық. Басқа жақтан, АҚШ Президенті Дональд Трамп пен жаңа үкіметі көптеген теріс істерді іске асыруда. Негізінде, Трамптың сөз еркіндігін бұзуы, ақпарат құралдарына  бірдей көңіл бөлмеуі, америкалық азаматтарға кемсітушілік білдіруі,  жергілікті америкалықтардың мүдделеріне қайшы               Keystone XL және Dakota Access мұнай құбырларын салуды жалғастыруы, мигранттарға қарсы бұйрық беріп, оларды жүзеге асыру және кейбір ислам елдерінің азаматтарына  АҚШ-қа кіруге тыйым салу сынды әрекеттері адам құқығы заңдарына қайшы келеді.

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

 

 

Тегтер