Франция Сауд режиміне қару-жарақ сататын болды
Франция Президенті Сауд режиміне қару-жарақ сатуға рұқсат беріп, осы ісімен бұл режимнің Йеменнің қорғансыз және жазықсыз халқын қыруға әшкере түрде жігерлендірді.
Францияның апталық Le Point басылымының жазуы бойынша, Франция Президенті Франсуа Олланд дүйсенбі күні Сауд Арабиясына 455 миллион еуроға қару сатуға рұқсат етті. Бұл қарудың көбі Йемен халқына шабуыл жасау үшін пайдалынылады. Қару Йеменге қарсы шабуылға қолданылатын болғандықтан, оны сатуға рұқсат беруге Франция Үкіметі мен бұл елдің Сыртқы істер министрлігі қарсылық білдірді.
Франция 2016-шы жылы 20 миллиард долларға қару тапсырысын алғаны туралы жариялаған кезде кейбір елдердің сынымен кезігіп, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың көбі БҰҰ-ның №2216 қарарына сүйеніп, Йемен халқына қарсы соғыстағы Сауд Арабиясы мен оны қолдаушы үкіметтерді қатты айыптады.