Лондондағы лаңкестік оқиғасында 5 адам қаза болып, 40 адам жарақат алды
(last modified Thu, 23 Mar 2017 11:27:14 GMT )
Нау 23, 2017 17:27 Asia/Almaty
  • Лондондағы лаңкестік оқиғасында 5 адам қаза болып, 40 адам жарақат алды

Британияның лаңкестікпен күрес полициясының штабы сәрсенбі күні орын алған оқиғаның лаңкестік екендігін растап, бұл оқиғада 5 адамның қаза болып, 40 адамның жарақат алғаны туралы хабарлады.

«Пресс ТВ»-дің мәліметі бойынша, сәрсенбі күні Британияның лаңкестікпен күрес басқармасы қолбасшысының орынбасары Марк Роли сәрсенбі күні Лондондағы оқиғаның себептері туралы зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне тоқталып: «Бұл шабуыл Вестминстер көпірінде автокөліктің Парламент ғимаратына жақын жерде көшеде жүрген адамдарды соғуымен басталды. Жарақат алғандардың арасында үш полиция офицері бар. Лаңкестік әрекет кезінде бес адам, соның ішінде Парламентте күзетшілік міндетін атқарып жүрген бір полиция офицері қаза болды. Шабуылдаушы полицияның оғынан өліп, 40 адам жарақат алды.  

 

 

Тегтер