Лавров: Йеменнің жағдайы апатты
Лавров екі жылдан астам уақыт бойы Сауд режимінің әскери ұшақтарының шабуылдары мен бомбалауының астында қалып отырған Йеменнің жағдайын апатты деп бағалап, соған қатысты халықаралық қоғамның үнсіздігін сынады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша Сергей Лавров бейсенбі күні Мәскеуде: «Йемен үлкен гуманитарлық апатқа ұшырады. Бірақ халықаралық деңгейде бұл туралы онша айтылып жатқан жоқ»,- деді.
Сауд Арабиясы АҚШ пен Батыс үкіметтері және Риядты қолдайтын араб мемлекеттерінің қолдауы және БҰҰ мен адам құқығы туралы Батыс ұйымдарының үнсіздігін пайдаланып, 2015-ші жылдың наурыз айынан бері Йеменнің бұрынғы президенті Абд-Раббу Мансур Хадиды билік басына қайтаруды сылтауратып, бұл елге қарсы әскери шабуыл жасап, құрлық, теңіз және әуе тарапынан қоршауға алды. Бұл әскери шабуылдың салдарынан осы кезге дейін 11000-нан астам йемендік қаза болып, ондаған мыңы жарақат алып, миллиондаған адам босқынға айналып, елдің инфрақұрылымын қиратқаннан басқа еш нәрсеге жетпеді.