АҚШ Иранға қарсы санкцияларды күшейтті
(last modified Sat, 25 Mar 2017 10:02:50 GMT )
Нау 25, 2017 16:02 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранға қарсы санкцияларды күшейтті

АҚШ Мемлекеттік департаменті Иран, Солтүстік Корея және Сириямен байланыста болған он мемлекеттегі отыз ұйым мен жеке адамдарға жаппай қыратын қаруларды таратуға тыйым салған заңды бұзды деген айыппен санкция салғанын жариялады.

АҚШ Конгресінің Hill басылымының хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік департаменті жұма күні наурыздың жиырма бірінде жариялаған өз мәлімдемесінде жаппай қыратын қаруларды таратуға тыйым салу туралы заңды бұзды деген айыппен  Иран, Солтүстік Корея және Сирияға қатысты отыз ұйым мен жеке адамдарға қарсы санкция салды.

Осы хабарламаға сәйкес, Қытай, Біріккен Араб Әмірлігі мен Солтүстік Кореяда орналасқан бұл ұйымдар мен адамдар Иранның баллистикалық зымырандық бағдарламасына байланысты қызметтер мен тауарлар ұсынып, Сирия мен Солтүстік Кореяға қару-жарақ саласында әскери көмек көрсеткен.

АҚШ Мемлекеттік департаменті санкцияларды Иранның зымырандық бағдарламасына байланысты бұл елге маңызды технологияларды жіберу немесе Иран мен Солтүстік Корея және Сирияға қатысты экспортты қадағалаудың бұзылуына байланысты салғаны туралы уәж айтты.