Ахмад Шахидтің Иранға қарсы уәждері
БҰҰ-ның Ирандағы адам құқығының жағдайы жөніндегі баяндамашысы Ахмад Шахид Иранға қарсы уәждерін тағы да қайталады.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның Ирандағы адам құқығының жағдайы жөніндегі баяндамашысы Ахмад Шахидтің бейсенбі күнгі есебінде: «Иран өткен жылы 1 мыңға жуық тұтқынды өлім жазасына кесті. Бұл соңғы жиырма жылдағы ең жоғары көрсеткіш саналады. Иранда жүздеген тілші, белсенді мен оппозиционер түрмеде жатыр»,-деп хабарлады. Бұған қарамастан Шахид: «Ирандағы өлім жазасына кесу үкімдерінің көбі есірткі заттар контабандасы, жемқорлық, жыныстық қылмыстар мен азаматтарға шабуыл жасау қылмыстарына қатысты орындалған»,-деп мәлімдеді.
Кейбір бақылаушылардың сенімінше, өткен жылдың шілде айында Иран мен «алтылық» елдері (Қауіпсіздің кеңесінің 5 тұрақты мүшесі мен Германия) арасында ядролық салада Вена келісіміне, яғни «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойылып, Еуропа елдері мен АҚШ үкіметтері Иранға қарсы санкцияларды жоюға міндеттеме алғаннан кейін Иранға қысымды жалғастыру мақсатындағы әрекеттер басталды. Осы үдеріспен бір мезгілде әлемдік қауымдастыққа Ирандағы адам құқығының жағдайына қатысты бұрмаланған бейне ұсынуға талпыныс жасалып жатыр.