Түркияның Швейцарияда тыңшылық жасауы жөнінде тергеу басталды
Швейцария сот органының дереккөздері осы елде түркиялық бір қоғамдастық арқылы шетелдік бір тыңшылық агенттігінің қызметі жөнінде тергеудің басталғанын хабарлады.
"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Швейцария бас прокуроры бюросының ақпарат хатшысы Андре Марти жұма күні осы елдің "SRF" телеарнасына берген сұхбатында: «Швейцарияның Парламенті рұқсат берген соң осы елде Түркияның тыңшылық жасу ықтималы жөнінде тергеу басталды» деді.
Осы мәлімет бойынша, түрік ұлты өкілдерінің Швейцарияда көп болуына және Түркиядағы 2016 жылғы сәтсіз әскери төңкеріске байланысты Түркияның тыңшылық қызмет орындарының Швейцариядағы белсенділігі жөнінде алаңдаушылықтар артып отыр
Сонымен қатар, Швейцария Сыртқы істер министрі Дидье Буркхальтер де өткен бейсенбі күні Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен кездесуден кейін шетелдік тыңшылық агенттіктерінің Швейцарияда белсенділігі жөнінде оған ескерткенін мәлімдеді.
Түркия қайраткерлерінің баяндамасы тақырыбымен Анкара мен еуропалық елдер арасындағы текетірес әртүрлі еуропалық елдерде басталып, осы елдердің кері реакциясына тап болды.