Қазақстан мұнай өндіру деңгейін белгілеуге қарсы
Қазақстан үкіметі мұнай өндіру деңгейін белгілеуге қарсы екенін мәлімеді.
Reuters ақпарат агенттігінің Астанадан хабарлауы бойынша, Қазақстанның Энергетика министрі Владимир Школьник бейсенбі күні: «Үкімет өзінің мұнай өндіру деңгейін ірі мұнай өндірушілердің ұсынысы бойынша тұрақты межеде ұстап тұруды көздемейді, керісінше егер 1 баррель мұнай бағасы 40 доллар болып қалатын болса, Қазақстан бұрынғы жоспар бойынша 2016 жылы мұнай өндіруді арттырады» деді. ТМД елдері арасында Ресейден кейін екінші ірі мұнай өндіруші болып табылатын Қазақстан ОПЕК-ке мүше елдер мен одан тыс елдердің қатысуымен өтетін отырысқа шақыру хатын алмағанын мәлімдеп, егер шақыру хатын алатын болса, осы отырысқа қатысатындықтарын мәлімдеді. Ирактың бір жауапты тұлғасы сәрсенбі күні әлемдегі ОПЕК-ке мүше және одан тыс мұнай экспорттайтын ірі елдердің 20 наурызда Ресейде отырыс өткізуді жоспарлап жатқанын, бірақ Ресейдің Энергетика министрлігі бұл отырыстың өтетін уақыты мен орнының анық еместігін хабарлағанын айтты.