Иран президенті ресми іссапармен Мәскеуге барды
https://itolqyn.com/news/world-i25566
ИИР президенті Хасан Рухани РФ президенті Владимир Путиннің шақыруымен жоғары деңгейлі делегацияны бастап, Ресейге ресми іссапармен барды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 28, 2017 15:56 Asia/Almaty
  • Иран президенті ресми іссапармен Мәскеуге барды

ИИР президенті Хасан Рухани РФ президенті Владимир Путиннің шақыруымен жоғары деңгейлі делегацияны бастап, Ресейге ресми іссапармен барды.

ИИР президентін Мәскеуге келген сәтте Ресейдің Сыртқы істер министрі, Иранның Мәскеудегі елшісі мен РФ-ның Теһрандағы елшісі қарсы алды.

Руханидің Мәскеу сапары барысында екі ел президенттері бастаған жоғары деңгейлі делегациялар арасында келіссөздер өткізу және бірнеше маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

Сондай маңызды құжаттардың бірі 5-50 адамнан құралған туристік топтар үшін визалық режимды алып тастау болып табылады. Бұл мәселе визалық режимды толығымен жоюға қатысты келіссөздер бастауды жоспарлау үшін алғышарт әзірлей алады.

Сонымен қатар, Иран мен Ресей президенттері келіссөздердің соңында барлық салалардағы екі жақсы қатынастардың болашағы, лаңкестікпен күресті жалғастыру мақсатындағы, әсіресе Сириядағы, аймақтық ынтымақтастықтарды нығайту, аймақта қауіпсіздік пен халықаралық интеграцияны орнатуға көмектесу секілді мәселелерді қамтитын "Ортақ стратегиялық ынтымақтастықтар" атты мәлімдеме жариялайды.

Руханидің Мәскеу сапары барысында РФ пен ИИР арасындағы қатынастарды дамыту мақсатындағы Жол картасы мәселесін талқылау жоспарланған.