Ресей АҚШ-тың Аляскадағы әскери әрекеттеріне ескерту жасады
Ресей Президенті Вашингтонға АҚШ-тың Аляскадағы әскери қимылдарының салдары жөнінде ескерту жасады.
Ресей Президенті Владимир Путин: «АҚШ-тың зымырандық қорғаныс кешендерін Аляскада орналастыру тек қорғаныс мақсатын көздемейді, осы елдің ядролық шараларының бір бөлігін де қамтиды. Бұл Ресейге қауіп төндіреді»,-деді.
АҚШ өзінің әлем бойынша зымырандық қорғаныс кешендерін орналастыру бағдарламасы аясында Аляска аймағында бірнеше тосқауылшы зымыран қондырғысы мен әскери радар стансасын орналастырды. Кремльдің баспасөз қызметі: «АҚШ-тың Шығыс Еуропа мен Азияда Ресеймен шекаралас жерлердегі әскери қоқан-лоққыларынан кейін енді Вашингтон осы шаралардың аясын Алясканың полюстік аймағына да жеткізді»,-деп хабарлады.