Арменияда парламенттік сайлау алдында тыныштық күні орнады
(last modified Sat, 01 Apr 2017 15:01:35 GMT )
Сәу 01, 2017 21:01 Asia/Almaty
  • Арменияда парламенттік сайлау алдында тыныштық күні орнады

Армения үкіметі бүгінгі күнді парламенттік сайлау алдындағы "тыныштық күні" деп жариялады.

Сәуір айының бірі күні Арменияда парламенттік сайлау алдындағы "тыныштық күні" орнады.

Тыныштық күні сайлаудағы үміткерлердің кез келген үгіт-насихаттық шара өткізуіне тыйым салынады. Тыныштық күні әлемнің көптеген елдерінде жүзеге асырылатын заңды және үгіт-насихаттық үзіліс болып табылады. Оның мақсаты – сайлаушыларға еш қысымсыз өз таңдауын жасауға мүмкіндік беру. Арменияның Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, парламенттік сайлаудың барысын 53 ішкі органнан 31418 өкіл және 20 ел мен 11 халықаралық ұйымнан 647 шетелдік бақылаушы, сондай-ақ, Армениядағы шетелдердің елшілері бақылайтын болады. Бұл Арменияның жаңа Конституциясы бекітіліп, осы елдің билігі жартылай президенттік жүйеден парламенттік жүйеге ауысқаннан кейін өткізіліп отырған алғашқы сайлау болып табылады.