Париждің көшелерінде бір намазхананың жабылуына наразылық ретінде намаз оқылды
(last modified Sat, 01 Apr 2017 15:19:48 GMT )
Сәу 01, 2017 21:19 Asia/Almaty
  • Париждің көшелерінде бір намазхананың жабылуына наразылық ретінде намаз оқылды

Францияның жүздеген мұсылмандары Париж қаласының маңындағы бір намазхананың жабылуына наразылық білдіріп, осы қаланың көшелерінде жамағат намазын оқыды.

Франция мұсылмандары жұма күні Париждің солтүстігіндегі Клиши аймағында бұрын намазхана ретінде пайдаланылған ғимараттың алдында жамағат намазын оқыды. Осы намазхана жабылғаннан кейін араб тілі және Ислам тарихынан дәріс алып жүрген 300 бала бұдан былай сабақтарын жалғастыра алмайтын болды. Наразы мұсылмандар 10 күннен бері намазхана маңындағы көшелерге жиналып, бұл мәселе шешілмейінше өздерінің наразылықтарын жалғастыратындықтарын мәлімдеді. Францияда шамамен 5 миллион мұсылман өмір сүреді. Бұл елде мешіттердің аз болуына байланысты көшеде намаз оқу қалыпты іске айналған. Франциялық басшылар соңғы жылдары осы елде мұсылмандарға қарсы ауқымды түрде шектеу қоюда.

 

 

Тегтер